Білім • 14 Ақпан, 2022

Оқу жылы ұзартыла ма? Білім министрлігі жауап берді

716 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Білім және ғылым министрлігі оқу жылын ұзартуға қатысты ұсынысқа түсініктеме берді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі ақпарат таратты, деп жазады Egemen.kz.

Оқу жылы ұзартыла ма? Білім министрлігі жауап берді

«Осыған дейін 2021 жылғы тамыз кеңесінің қорытындысы бойынша министрлік Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясына оқушылардың жүктемесін азайту шараларына қатысты, тиімді оқу жылының ұзақтығын анықтау, білім беру ұйымдарында еңбекақы төлеудің сағаттық жүйесі мен және жалақының артықшылықтарын, үлгілік оқу бағдарламаларын жаңарту жөнінде бірқатар зерттеулер жүргізуді тапсырған болатын», делінген хабарламада.

Бұл ретте нақты шешім қабылдау және пилоттық түрде жүргізу үшін зерттеулерді аяқтау керек. 
 «Сондықтан барлық білім беру ұйымдары меншік нысанына қарамастан мемлекеттік жалпыға міндетті стандартты сақтауға міндетті. Жаңа жобаларды енгізу кезінде дәлелдемелермен және алдын ала талқылаумен бекітілген ғылыми тәсіл маңызды деп санаймыз. Білім және ғылым министрлігі үшін оқушылар мен студенттердің мүдделері бірінші кезекте тұрады», деді ведомство.

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20