Қысқы спорт • 14 Ақпан, 2022

Ақмаржан Қалмұрзаева Бейжің Олимпиадасының финалына шықты

344 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытай астанасы Бейжің қаласында өтіп жатқан Ақ Олимпиада ойындарында бүгін Фристайл-акробатикасынан Ақмаржан Қалмұрзаева финалға өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмаржан Қалмұрзаева Бейжің Олимпиадасының финалына шықты

Қазақстандық Ақмаржан Қалмұрзаева екінші іріктеу кезеңінде үздік 12 спортшы бақ сынайтын финалдық кезеңге жолдама алды.

Ақмаржан іріктеу кезеңінде 98.68 ұпай жинап көш бастады. Өкінішке қарай, команда үздігі Жанбота Алдабергенова екінші іріктеу кезеңінен финалдық сынға өте алмай қалды.

Финалдық кезең Нұр-Сұлтан уақытымен 17:00-де басталады.