Қазақстан • 14 Ақпан, 2022

Энергетика министрлігі мұнай бағасының өсу себебін атады

2311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Энергетика министрі Болат Ақшолақов мұнай бағасының өсу себебі мен оның оң және теріс жақтарын атады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Энергетика министрлігі мұнай бағасының өсу себебін атады

«Барреліне 96 доллар - иә, бүгін осындай жаңалық естідік. Менің айтайын дегенім, мұнайға деген жоғары баға - бұл бірінші кезекте бюджетке және ҚР Ұлттық қорына түсетін жоғары түсімдер. Ведомство осы жылы мұнай өндіруді 87,5 млн тонна деңгейінде жоспарлады, оның 17,9-ы - ішкі өңдеу», деді Болат Ақшолақов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның пікірінше, бұның отандық экономика үшін оң тұстары да бар.

«Мұнайдың қандай көлемі экспортқа шығарылатынын елестете аласыз ба? Сәйкесінше, егер мұнай бағасы жоғары болса, жоғары түсімдер де бар, мұнда жаман ештеңе жоқ», деп атап өтті министр.

Алайда, спикер жағымсыз жақтарына да тоқтала кетті.

«Мұнай бағасы өте жоғары болған кезде, бұл сала үшін де жақсы емес, өйткені барлық біріктірілген шығын материалдарының: құбыр өнімдеріне, химиялық реагенттерге баға өсуде. Бағалар да өсе бастайды, өкінішке орай, мұнай бағасы кейінірек төмендеген кезде, бұл материалдардың бағасы бірдей динамикада төмендемейді. Мұнай өндіруші кәсіпорындардың экономикасы қазірдің өзінде зардап шегуде. Сондықтан, менің ойымша, ыңғайлы дәліздің шегі, мысалы, 80 доллар төңірегінде болса, әрине, жақсы. Әлемдік нарықтағы мұнайға қатысты жағдайдың қалай дамитынын қадағалайтын боламыз», деп түйіндеді Энергетика министрі.