Аймақтар • 14 Ақпан, 2022

Тараз-Шымкент тас жолы жабылды

593 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты республикалық және облыстық маңызы бар жолдар жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тараз-Шымкент тас жолы жабылды

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 14 ақпанда сағат 13:15-те қатты боран, нөлдік көріну және ауа райының жалпы нашарлауына байланысты Тараз-Шымкент тас жолында барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс жабылды.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Жамбыл облысы полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережелері мен қауіпсіздік нормаларын сақтауды, автомобильдің техникалық жағдайына мұқият болуды, жаяу жүргіншілер жолда пайда болған кезде сақ болуды ескертеді.

«Құтқару қызметінің хабарлауынша, 14-17 ақпан аралығында Жамбыл облысында ауа райының нашарлауы, желдің күшеюі және көктайғақ күтіледі. Осыған байланысты Жамбыл облысы полиция департаменті қысқы жол бойымен (көктайғаққа, жаңадан жауған қарға, тапталған қарға) жүру кезінде автомобильдер арасындағы қашықтықты, бүйірлік аралықты, жылдамдық режимін қатаң сақтау, сондай-ақ кенеттен тежеу мен қозғалысқа жол бермеу қажет екенін еске салады», деп атап өтті Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жүргізушілерге ауа райы жағдайларын ескере отырып, көліктегі қозғалыс маршрутын алдын ала жоспарлауға және ауа райы нашарлаған кезде елді мекендерден тыс жерлерге шығуды шектеуге кеңес беріледі.