Қаржы • 15 Ақпан, 2022

Мемлекеттік шығыстардың әлеуметтік-экономикалық әсері талданады

406 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік шығындардың әлеуметтік-экономикалық әсерін талдау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекеттік шығыстардың әлеуметтік-экономикалық әсері талданады

«Мемлекеттік шығыстардың әлеуметтік-экономикалық әсерін талдауға қатысты мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қатысуымен ведомствоаралық жұмыс тобы құрылады», деді Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында.

Министр жол картасы қабылданатынын қоса айтты. Онда бюджет шығыстарын бағалау құралдарын кеңейту, шығыстарды шолу тетігін енгізу және қаражатты бөлу басымдықтарын айқындау көзделетін болады.

«Қазіргі уақытта 80 шара мен 9 мемлекеттік және салалық бағдарламаны қамтитын бөлінген мемлекеттік қолдау шараларының мониторинг жүйесі іске қосылды. Жүйе мемлекеттік қолдау шараларын алғанға дейін және одан кейін субъектінің қаржылық-экономикалық тиімділігін анықтауға, шығыстарды салық түсімдері түріндегі кірістермен салыстыруға, сондай-ақ жұмыс орындарын құруға және еңбекақы төлеу қорын арттыруға талдау жасауға мүмкіндік береді. Аталған жүйені құру бойынша жұмыс нәтижелері жаңа әдістемені әзірлеу кезінде ескерілетін болады», деп түйіндеді Ерұлан Жамаубаев.