Үкімет • 15 Ақпан, 2022

Әлихан Смайылов министрлерге бірқатар тапсырма берді

317 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Осы жылдың 1-ші наурызына дейін бюджеттік жоспарлаудың процестерін цифрландыру бойынша нақты іс-шаралар қабылдаудың маңызына тоқталды, деп жазады Egemen.kz.

Әлихан Смайылов министрлерге бірқатар тапсырма берді

«Үкіметтің ең маңызды міндеттерінің бірі – халықтың табысын арттыру және жаңа жұмыс орындарын құру. Сондықтан, мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мына мәселелерді шешуге басты назар аударуы қажет. Бірінші, Президент бюджеттік жоспарлауды реформалауға қатысты бірқатар тапсырмалар берді. Жоспарлау тиімділігін арттыру үшін бюджеттік процестерді цифрландыруды жылдамдату қажет», деді Үкімет басшысы.

Осы ретте Премьер-Министр Қаржы министрлігіне 2022 жылдың 1-ші наурызына дейін бюджеттік жоспарлаудың процестерін цифрландыру бойынша нақты іс-шараларды қабылдауды тапсырды.

«Екінші, Мемлекет басшысы тиімсіз әрі шығыны көп жобалардан бас тартуды тапсырды. Сондай-ақ Қаржы және Ұлттық экономика министрліктері әзірлеп жатқан Бюджет қаражатының тиімділігі мен әлеуметтік-экономикалық қайтарымын бағалау әдістемесін аяқтау керек деген болатын. Қаржы министрлігі Стратегиялық жоспарлау агенттігімен және Есеп комитетімен бірге Әдістеменің жобасын 1-ші сәуірге дейін Үкіметке енгізуі тиіс», деді Әлихан Смайылов.