Оқиға бүгін таңғы сағат 08:24 шамасында Сайрам ауданы, Қайнар Бұлақ ауылы, Ошақты елді мекенінде болған.
Т.Рысқұлов көшесінде орналасқан шағын жинақты орта мектеп аумағындағы қатты отын қолданылатын қазандық жарылған. Оқиға орнында 1963 жылы туған от жағушы көз жұмды.
Ал, ғимараттың 20 шаршы метр шатыры мен қабырғаларына зақым келген.
«Төтенше жағдай департаментінің 7 қызметкері мен 2 техникасы және полиция департаментінің 8 қызметкері мен 2 техникасы оқиға орнына жұмылдырылды. Жарылыстың салдары мен материалдық шығын анықталуда», дейді Сайрам ауданының Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Мұхан Баймбетов.