Әлем • 15 Ақпан, 2022

Ұлыбритания өз азаматтарына Украинадан кетуді ұсынды

471 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлыбританияның Сыртқы істер, Достастық істері және даму жөніндегі мемлекеттік хатшысы Лиз Трасс британдықтарды Ресей әскерінің Украинаға басып кіру қаупіне байланысты аталған ел аумағынан кетуге шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлыбритания өз азаматтарына Украинадан кетуді ұсынды

«Біздің бірінші басымдылығымыз британ азаматтарын қорғау. Британ азаматтары кетулері керек (Украинадан - ред.) Коммерциялық рейстер қолжетімді болып тұрған кезде мүмкіндіктен айырылмаған дұрыс», деді Трасс.

Айта кетсек, Лиз Трасс 17-18 ақпанда Украинаға сапармен келеді.