25 Наурыз, 2014

Шымкентте Наурыз мерекесі аясында айтыс өтті

438 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

0-aitys-shymkent-24-03-14-2

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы – Шымкент қаласында Наурыз мерекесі бағдарламасы аясында 4 күнге созылған ақындары айтысы болып өтті. Оған облыс ақындары қатысты. Бұл туралы otyrar.kz хабарлады. Айтыстың ақтық айқасына 12 үздік ақын жолдама алды. Сайыс қорытындысында бас жүлдені Маржан Есжанова жеңіп алды. Оған 500 мың теңге сыйақы тапсырылды. Бірінші орынға Қажымұқан Абзалов шықты. Екінші орынды Асхат Садықбек пен Нұрлан Есенқұлов еншіледі. Үшінші орынға Жарқынбек Наушабек, Анар Жапарқұлова және Біржан Байтуов орналасты. Бұлардың бәрі алған орындарына қарай ақшалай сыйлықтарға ие болды. Сол сияқты үштікке кірмеген ақындарға 30 мың теңгеден жүлде тартылды. Айтыс шымылдығын жабер кезде осы доданың бас жүлдегері Маржан Есжанова сөз алып, өзінің 25 жылға созылған айтыскерлік сапарын аяқтап, сахнамен қоштасатынын жеткізді. Мұрат Айтқожа. Дереккөз: otyrar.kz. Фото: otyrar.kz.