Қазақстан • 16 Ақпан, 2022

Жемқорлық деректерін хабарлағандар қалай қорғалады?

167 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды қорғаудың кешенді жүйесі әзірленеді. Мұндай түзетулерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамаға енгізу жоспарлануда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жемқорлық деректерін хабарлағандар қалай қорғалады?

«Түзетулердің екінші блогы сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды қорғау жүйесін қалыптастыруға бағытталған», деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов Мәжілістің жалпы отырысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасына түзетулерді ұсына отырып.

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды қорғаудың кешенді жүйесін құру мақсатында:

1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсеткен адамды келісу комиссиясының ұсынымынсыз тәртіптік жауаптылыққа тартуға немесе лауазымынан босатуға немесе басқа лауазымға ауыстыруға болмайды деп бекітілсін;

2) Адамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жәрдем көрсетуі туралы ақпаратты, оны жария еткені үшін қылмыстық жауаптылық енгізе отырып, құпия ақпаратқа жатқызсын;

3) Құқықтық олқылықтарды жою және қылмыстық процеске қатысатын адамдарды қорғаудың қолданыстағы тетіктерін жетілдіру мақсатында қолданыстағы нормалардың кемшіліктерін болғызбайтын түзетулер кешенін енгізуге міндетті.

Айта кетсек, бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралуда.