Ауа райы • 16 Ақпан, 2022

Қазақстанда 33 градусқа дейін аяз болады

667 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алдағы үш күнде Қазақстан аумағына Қара теңіз аймақтарынан келетін ауқымды антициклон ықпал етеді, күн жауын-шашынсыз болады деп күтілуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда 33 градусқа дейін аяз болады

«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша, тек Қиыр Солтүстікте, 17 ақпанда республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда фронтальды бөліктердің ықпалымен қар жауады.

Солтүстікте ауа температурасы түнде 10-23 градус аяз, орталықта және шығыста 17-27 градус, кей өңірлерде 33 градус, оңтүстікте 5-15 градус аяз сақталады.