Оқиға • 16 Ақпан, 2022

Қарағанды тұрғыны көршісінің үйінен үш млн теңге жымқырып кетті

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысының тұрғыны көршісінің үйіне кіріп, 3 млн теңгеге жуық ақшасын ұрлап кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды тұрғыны көршісінің үйінен үш млн теңге жымқырып кетті

Өткен жылдың 22 қарашасында Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының полиция бөліміне бір елді мекеннің 29 жастағы тұрғыны арызданған. Арызданушының үйде жоқтығын пайдаланып, белгісіз біреу үйге кіріп, ақша ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 2,8 млн теңгені құрады.

Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғады.

10 ақпанда жедел-іздестіру іс-шараларының барысында криминалдық полиция қызметкерлері жәбірленушімен бір көшеде тұратын 24 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады. Ол ұрланған қаражатты негізінен зергерлік бұйымдар сатып алуға жұмсағанын айтып, кінәсін мойындады.

Айғақтардың бір бөлігі тәркіленді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.