«Бүгін сағат 06:00-де 102 оператор пультіне Авангард-3 шағын ауданындағы көп пәтерлі үйлердің бірінің 3-қабатында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Патрульдік полиция экипажының қызметкерлері полиция аға лейтенанты Жәнібек Елемесов пен полиция аға лейтенанты Еламан Төлешов өрт шыққан подъезден тұрғындарды көшіруге дереу кірісті. Олар бес қабатты үйдің әр пәтерінің есігін қағып, 60-қа жуық тұрғынның көшеге шығуын қамтамасыз етті», деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Атырау облысының полиция департаменті тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажеттігін ескертеді.