Қазақстан • 17 Ақпан, 2022

Қоғамдық келісім – басты құндылық

237 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов еліміздегі бірқатар этномәдени бірлестіктің өкілдерімен онлайн режімде кездесті.

Қоғамдық келісім – басты құндылық

«Ахыска» түрік этномәдени бірлесті­гінің мүшелерімен өткен кездесуде қаты­су­шылар Мемлекет басшысының Жаңа Қазақстан құру идеясына қолдау біл­дірді. «Пре­зидент бастамасымен жария­лан­ған Жаңа Қазақстан тұжырымда­масы, бі­рін­ші кезекте, қоғамның тұтастығын біл­­­ді­реді. Қабылданған іс-шаралар кеше­ні ел­дің саяси және экономикалық өмі­рін­­д­е­гі жа­сампаз өзгерістерге қуатты сер­пін бе­ре­­тіні сөзсіз. Осыған орай бұл күн­дері Қазақ­­стан халқы Ассамблеясы өз қыз­ме­тін қайта жандандыру бойынша арнайы іс-ша­раларды іске асыруда», деді М.Әзілханов.

Түрік бірлестігінің мүшелері өскелең ұрпақтың рухани және адамгершілік тәрбиесіне, жастардың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыруға, ұлттық мәдениетті дамыту мен ілгерілетуге, жалпы тіршілік әрекетінің басқа да маңызды аспектілеріне назар аударды. «Қаңтар айының басында Қазақстан халқымен бірге осынау қиын кезеңді бастан өткердік. Мемлекет басшысының қолдауының арқасында елмен бір кісідей жұмылып, ынтымағымызды сақтай білдік. Әрине, әрқайсымыз үшін халықтың әлеуметтік тұрақтылығы мен қауіпсіздігі басты орында. Сондықтан қазір Ассамблеяның, оның құрылымдары мен әріптестерінің негізгі міндеті – тиімді іс-әрекет жасау. Байқаушы рөлін сомдамай, нақты игі іс-шараларды іске асыруға, Отанымызды одан әрі гүлдендіруге атсалысу», деді «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы З.Касанов.

Кездесу қорытындысы бойынша қаты­су­­шылар ортақ мәмілеге келіп, ұсы­ныл­ған іс-шараларды бірлесе атқаруға дайын екендіктерін білдірді.

Марат Әзілхановтың күрд этномәдени бірлестігінің өкілдерімен өткізген кездесуге «Барбанг» Қазақстан күрдтері қауым­дас­тығының төрағасы А.Алиев, «Барбанг» Қазақстан күрдтері қауымдастығының Алматы қалалық филиалының төрағасы М.Тагиров, «Жйина күрд» республикалық күрд газетінің бас редакторы Ж.Османов және басқалары қатысты. Кездесу барысында М.Әзілханов күрд этномәдени бірлестіктерінің Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудағы белсенді және біріктіруші рөлін атап өтті. Сонымен қатар ҚХА-ның күрд этномәдени бірлестік­терінің этносаралық келісімді, қоғамдағы толеранттылық пен халықтың бірлігін нығай­ту­да белсенді жұмыс істеп, ҚХА-ның қол­дауына ие болып отырғанын айтты. Сон­дай-ақ Қазақстанның қағидатты ұстанымы – этностық мәселелерді саяси мақсаттарда пайдалануға жол бермеу керек екенін атап өтті.

Күрд этносының өкілдері қаңтардағы оқиғалар еліміздегі бейбітшілік пен тыныш­тықтың қаншалықты маңызды екенін тағы бір рет айқын көрсеткенін жеткізді. «Біз қазақ халқымен бірге түрлі тарихи кезеңдерді еңсердік. Бүгінде біз еліміздің мүдделерін қорғау мен нығайту жолындағы жұмысты одан әрі жалғастырмақпыз. Сон­дай-ақ өзіндік ерекшелігімізді жоғалтпау үшін мәдениетімізді, салт-дәстүріміз бен тілімізді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу жолында еңбек етеміз», деді А.Алиев.

Өз кезегінде күрд этномәдени бірлес­тігі­нің өкілдері Қазақстан халқы Ассам­блеясының қызметін ілгерілету мен дамыту­ға байланысты өз ұсыныстарын білдірді. Атап айтқанда, ҚХА қызметіне барлық этностардың белсенді жас­тарын тарта отырып, жобаларды дамыту, еліміздің кадрлық әлеуетінің шетелге кетуіне жол бермеу мақсатында Жаңа Қазақстанды құруда жастармен белсенді жұмыс жүр­гізу және мемлекеттік тілдің рөлін арттыру мақсатында этностарды біріктіру мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында ҚХА Төрағасының орынбасары Ассамблея еліміздің барлық этно­мәдени бірлестіктеріне және этностар­дың мәдениетін, дәстүрлерін, тілін дамыту­ға барынша қолдау көрсететінін атап өтті.

М.Әзілханов Қазақстан ұйғырлары республикалық этномәдени орталығы­ның белсенділерімен кездесуде ұйғыр этносының қазақстандық патриотизмді дамыту мен нығайтуға бағытталған жұмысын жоғары бағалады. Оның айтуынша, бүгінгі күн Ассамблеяның жұмысына жаңа тәсілдерді енгізуді талап етеді.

Өз кезегінде ұйғыр этномәдени бірлес­тігінің өкілдері «Қасіретті қаңтар» кезінде ортақ шаңырағымыздың тынышты­ғын сақтап қалған Мемлекет басшысына шын жүректен ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ кездесу барысында ҚХА жұмысының тиімділігін одан әрі арттырудың негізгі аспектілері қаралды.