Елбасы шешен сөйлейді. Ол мінберлерде ой толғағанда, көсемдігі мен көрегендігіне де сүйсініп отырасың. Елбасының Нидерландтағы Жаһандық саммитте сөйлеген сөзінде қоғамда болып жатқан саяси оқиғаларды талдап, оған дұрыс шешім қабылдаудағы ұсыныс-пікірлері көпшіліктің көңілінен шыққаны анық. Әсіресе, бейбітшілікті жаны сүйетін, ынтымақтастыққа ықыласы ерекше ауатын Елбасының ядорлық қарулардан бас тарту керектігі жөніндегі барша мемлекетті мәмілеге шақыруы оңды іс.
Елбасы Семей ядролық сынақ полигонын жауып, қуаты жағынан әлемдегі төртінші зымырандық-ядролық арсеналдан бас тартты. Осылайша елімізді ядролық қарудың қасіретінен, қаупінен құтқарды. Реті келгенде айта кету керек, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Қазақ елінің бастамасы бойынша 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні деп жариялау туралы қарар қабылдады. Мұнда Елбасының үлкен үлесі жатыр.
Осы жолғы сөзінде де Президент Нұрсұлтан Назарбаев радиация кең даламызды улап, бүкіл тіршілікке қауіп келтіргенін, қазақстандықтардың денсаулығына залалын тигізгенін айта келіп, кеңестік басшылықтың қатаң қарсылығына қарамастан, полигонды жабу туралы Жарлыққа қол қойғандығына дәлелдер келтіре отырып, қару жасаудан, оны сынаудан әлі де бас тартқылары келмей отырған «көсемдердің» санасын селт еткізердей етіп айтты. Елбасы атап өткендей, ядролық қарудан бас тарту Қазақстан үшін батыл қадам болды. Бұл үрдіс басқа мемлекеттерде өз жалғастығын тауып, мәселен, Ресейде Жаңа Жер, Америкада Невада, Францияда Морурора, Қытайда Лобнор сынақ алаңдары жабылды. Президенттің бірегей бастамасының арқасында жалғыз қазақстандықтар ғана емес, жоғарыда аталған мемлекеттердің халқы бейбіт заманда, қарудың дүмпуінсіз шат-шадыман өмір сүріп жатыр.
Біз еліміздің болашағы, әлемдегі тыныштық үшін алдағы уақытта ядролық қарулардан мүлдем бас тарту мақсатында қолдан келгеннің бәрін жасауға тиіспіз. Адам қорқынышсыз әрі үрейсіз тыныш өмір сүргісі келеді. Ондай өмір үшін ядролық, бактериологиялық, химиялық қарудың қажеті жоқ. Осы жолғы Елбасының салиқалы да салмақты сөзін қолдай отырып, баршамыз ядролық қаруларға қарсы үн қосуымыз керек деп ойлаймын.
Марат МАЛТЕКБАСОВ,
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік
университетінің бірінші проректоры,
педагогика ғылымдарының докторы.
ТАЛДЫҚОРҒАН.

Алматы хайуанаттар бағына АҚШ-тан канадалық сілеусіндер әкелінді
Жануарлар • Бүгін, 16:46
Коммуналдық төлемді қалай аз төлеуге болады?
Қоғам • Бүгін, 16:38
Ақмола облысында жантүршігерлік жол апаты болды: 2 адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 16:25
Қытайда магнитудасы 6,3 болатын жер сілкінісі тіркелді
Әлем • Бүгін, 16:22
Павлодарда фитнес-клубта қуаттағыш құрылғы жарылып, блогер ауыр жарақат алды
Оқиға • Бүгін, 16:14
«Қазақстан темір жолы» акциялары IPO-ға шығарылады
Қаржы • Бүгін, 15:57
Алматыда дәрігерлер 9-қабаттан құлаған қызды аман алып қалды
Оқиға • Бүгін, 15:45
Үкімет пойыз арқылы азық-түлік тасымалдағандарға 70 пайыз жеңілдік береді
Инфрақұрылым • Бүгін, 15:40
«Ордабасы» футбол клубы 156,9 млн теңгеге сатылды
Футбол • Бүгін, 15:33
«Қазақмыс» Ұлытау облысындағы геологиялық барлау жұмыстарын күшейтті
Қоғам • Бүгін, 15:24
Алматы облысында ағаштарды кесу кезінде екі жұмысшы жарақат алды
Оқиға • Бүгін, 15:20
Халықаралық валюта қоры: Биыл инфляция шамамен 10 пайыз деңгейінде сақталады
Экономика • Бүгін, 15:18
Белгілі айтыскер ақын Салтанат Өтелбаева мен жолдасы жол апатынан қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 14:51