Аймақтар • 17 Ақпан, 2022

Жайықтың жабайы мысығы

1920 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Күні-түні дала кезген жабайы мысықты көріп пе едіңіз? Дәл осын­дай мысық Атыраудағы «Ақ Жайық» мемлекеттік таби­ғи ре­зерватында бар екен. Бірақ оның саны белгісіз.

Жайықтың жабайы мысығы

Облыстық орман ша­руа­­шылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инс­пек­циясының бас маманы Нұр­лан Иманғалиевтің айтуынша, жа­қында жабайы дала мысығы шаруа қожа­лығының аумағында тұзаққа түскен.

– Дала мысығы Атырау қала­сының маңындағы шаруа қожалы­ғының ауласында ұсақ жандықтар мен үй құста­рын талаған. Жабайы аң азық іздеп келген болуы мүмкін. Сол кезде тұзаққа түсіп қалған. Шаруа қожалығының жетекшісі тұзақтағы мысыққа қарсы тосын әрекетке бар­май, ерікті­лерге жүгінген. Ерік­тілер бұл жөнінде облыстық аумақ­тық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекция­сына хабарлады. Инспекция инспек­торлары еріктілермен бірге жабайы мысықты «Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи резерватының аумағына әке­ліп, табиғи мекендеу ортасына жіберді, – дейді Нұрлан Иманғалиев.

 

Атырау облысы

Соңғы жаңалықтар

«Спартак» тағы да жеңілді

Спорт • Бүгін, 11:55

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 10:42

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20