«Каспий теңізінің қазақстандық аумағында теңізде жүзуді халықаралық ережелерге сай қамтамасыз ету» тақырыбындағы ғылыми-теориялық конференцияға жергілікті әкімдік өкілдері, мұнайлы өңірдегі ірі мұнай-газ компаниялары басшылары мен қызметкерлері, Ақтау гарнизоны әскери бөлімдерінің командирлері қатысты.
ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері Бас штабы басқармасының штурмандық және гидрографикалық қамтамасыз ету жөніндегі флагмандық маманы, 1 рангты капитан А.Лекеровтің құттықтауымен ашылған конференцияда аталмыш қызмет басшысы, 2 рангты капитан К.Малов Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы навигациялық-гидрографикалық ахуалдан хабардар етті. Нарықтық экономикаға байланысты теңіз арқылы тасымалданатын өнімдер санының артқанын айтқан ол бұл жағдайдың теңіз қауіпсіздігіне жете мән бере түсуге жетелейтінін жеткізді. Су айдынында мүмкіндігінше мұнайдың төгілуіне, кемелер апатына жол бермеу қажет дей келе, кеме шамшырақтарының ескіргендігін, өткен ғасырдың 80-90-жылдары пайдалануға берілген шамшырақ заманауи сапада жаңғыртуды қажет ететіндігін айтты.
– Теңіз астында Кеңес Одағы кезінде теңіздегі әскери-жаттығу полигоны болған және әскери ату нысанасы ретінде қолданылған кеме қалдықтары сақталған аймақ бар дей келе, кеме капитандарынан, әсіресе, мұнай тасымалдайтын су көліктері басшылығынан осы аймақтардан аулағырақ жүруді сұрады. Өйткені, нысана-кемелердің арасында жүзіп өтуші көліктерге қауіп төндіретін немесе кедергі келтіретін ұзындығы бірнеше метрге созылатын алып кемелер бар екен.
Теңізшілер мен теңізді пайдаланушы компания өкілдері алдында теңізде кемелерге белгі беру үшін қолданылатын заманауи спутниктік қалтқының жұмыстары таныстырылды. Бұл туралы «Каспий теңізінің қазақстандық секторында теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мониторингтің жер серігі жүйесін пайдалана отырып, навигациялық жабдықтарды дамыту» баяндамасында «Гидроприбор» ғылыми-зерттеу институтының маманы А.Чернышев баяндады. Ал аға лейтенант Р.Қалабаев Қазақстан мүше болып табылатын «Халықаралық теңіз ұйымының» теңізде жүзу ережелері мен талаптарын сақтай отырып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету төңірегінде баяндап, компаниялардың ұйым талаптарын орындауға міндетті екендіктерін ескертті.
Каспийдегі тәртіп пен тазалық кеме үстіндегілер мен теңіз ішіндегі әлем үшін ғана емес, жағалаудағы елдер мен олардың азаматтарының денсаулығы, қоршаған ортаның ырғақты дамуы үшін қажет. Конференцияда қауіпті қайтсек болдырмаймыз, қалай етсек апаттан аман боламыз деген бағыттағы сақтандыру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы әңгімелер мен ұсыныс-тілектер өрбіді. Кемелердің қауіпсіз жүзуінде алатын метеорологиялық қызметтің орны, маяктар жұмысындағы өзекті мәселелер ортаға салынды, тиісті шешімдер қабылданды.
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары теңіздегі кемелер жүзуінің қауіпсіздігі баршаға ортақ мәселе екендігін, сол себепті жергілікті әкімдіктің оған мүмкіндігінше қолдау көрсететіндігін жеткізді.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Маңғыстау облысы.

Бесінші қабаттан құлап кете жаздаған балалардың ата-анасы құқығынан айырылуы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 20:54
«Қайрат» чемпиондар лигасы бәсекесіндегі алғашқы қарсыласын анықтады
Спорт • Бүгін, 20:33
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
Президент • Бүгін, 20:05
Қостанайда полицейлер мен қамаудағылар мінген автозак аударылды
Қоғам • Бүгін, 19:54
Түркістан облысында пойыз апаты болды: зардап шеккендер бар
Қоғам • Бүгін, 19:41
Щучинскідегі дәмханадағы газ жарылысына қатысты тергеу аяқталды
Қоғам • Бүгін, 19:20
Трамп Ресей мұнайына қарсы санкцияларды қайта енгізуі мүмкін
Әлем • Бүгін, 18:56
Қызылжар мешітіндегі ұрлық: Имам ұры қызды түрмеден құтқарып қалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:34
Трамп пен Зеленский G7 саммитінде кездесті
Әлем • Бүгін, 18:04
35 долларлық кітаптан Альберт Эйнштейннің жазбасы табылды
Әлем • Бүгін, 18:00
Астанада жолаушылар автобусы зейнеткерді қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 17:47
Жасанды интеллект жасаған вакцина алғаш рет сынақтан өткізілді
Технология • Бүгін, 17:33
Алматы хайуанаттар бағына АҚШ-тан канадалық сілеусіндер әкелінді
Жануарлар • Бүгін, 16:46