Қысқы спорт • 17 Ақпан, 2022

Бейжің-2022: Конькимен жүгіруден Аржаниковтің орнына Морозов шығады

209 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Конькимен жүгіруден Қазақстан командасы сапында өзгерістер орын алды. Ерлер арасындағы 1000 метрлік жарыста Иван Аржаниковтің орнына Дмитрий Морозов шығады, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Бейжің-2022: Конькимен жүгіруден Аржаниковтің орнына Морозов шығады

«Ерлер арасында 1000 метрге жүгіруден командада өзгеріс бар. Иван Аржаников денсаулығына байланысты жарысқа қатыса алмайды. Оның орнына Дмитрий Морозов шығады деп шештік. Әрине, бұл Морозов үшін айтарлықтай ыңғайлы жарыс емес. Бірақ ол соңғы кездері 1500 метрде өзін жақсы көрсетіп жүр. Сондай-ақ, бұл бәсеке масс-старт алдында жақсы дайындық болмақ», деді бас бапкер Дмитрий Бабенко.

Айта кетелік, ерлер арасындағы 1000 метрлік жарыс ертең Нұр-Сұлтан уақытымен 14.30-да өтеді.