Оқиға • 17 Ақпан, 2022

Ақмола облысында 1,5 тонна руда басып қалған жұмысшы мерт болды

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қайғылы жағдай Ақмола облысындағы Заводской кентіндегі тау-кен металлургия зауытының аумағында орын алды, деп жазады Egemen.kz.

Ақмола облысында 1,5 тонна руда басып қалған жұмысшы мерт болды

«16 ақпан, сағат 16:30 шамасында үгіту аппаратына биг-бэг қабына тиелген салмағы 1,5 тоннаға жуық руданы түсіру кезінде ілмек үзіліп, «SARECO» ЖШС-нің 36 жастағы жұмысшысының үстіне құлағаны анықталды. Ер адам оқиға орнында көз жұмды»,  деді Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда аталған жағдайға байланысты тиісті сараптама тағайындалып, Қылмыстық кодекстің 156-бабы 3-бөлігі, еңбекті қорғау ережелерін бұзу бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.