Аймақтар • 17 Ақпан, 2022

БҚО-да браконьерлар инспекторларға оқ атты

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысы «Охотзоопром» өндірістік бірлестік инспекторларына екі браконьер қарсылық көрсетіп, оқ атқан. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

БҚО-да браконьерлар инспекторларға оқ атты

Абырой болғанда адам шығыны мен жарақат алғандар жоқ.

– Инспекторлар барлау кезінде Казталов ауданы Жұлдыз кенті аумағында «Боран» маркалы қарда жүргіш көлігінің ізіне түскен. Жедел қуып жеткен қорықшылардың пәрменіне құлақ аспаған қаскөйлер Тойота маркалы қызметтік көлікке анықталмаған мылтықтан шамамен 10 рет оқ атқан. Автомобильдің алдыңғы дөңгелектері жарылып, бампері зақымдалған. Инспекторлардың табельдік қарудан ескерту оқ атқандарына қарамастан, браконьерлер БҚО, Жаңақала ауданы, Новоказанка ауылына қарай іздерін суытқан, – делінген хабарламада.

Оқиға орнына Казталов аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері шақырылып, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.