Бүгінде Қазақстан Суретшілер одағының Павлодар бөлімшесін басқаратын қылқалам шеберінің бұл көрмесі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының халық шығармашылығы және мәдени мұрасы жылына орай ұйымдастырылған.
Көрмеге станок графикасы және кескіндеме бағытында еңбек ететін шебердің 16 туындысы қойылған. Ұлы дала төсіндегі тылсым да таныс тірлік жайынан сыр шертетін бұл туындылардың барлығы ХХ ғасырдың басында дүниеге келген және Қазақстанда өмір сүрген ақын Павел Васильевтің поэзиясына арналған офорт сериясынан тұрады.
Ұзақ жылдар бойы үнемі соны тақырыптардың қыр-сырын ашумен айналысып келе жатқан суретші көрмедегі картиналардың 1987 жылдан бергі уақыт аралығында салынғанын айтады.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Виктор Поликарпов 1971 жылы Н.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін бітірген. Кескіндеме өнерінде қайталанбас қолтаңбасы бар шебердің Көркемсурет академиясының академигі деген атағы бар. Суретші Құрмет белгісі орденімен марапатталған. Сонымен қатар ол 2010 жылы ақын Павел Васильев атындағы республикалық сыйлықтың лауреаты атанған.
Қарағанды облысы,
Теміртау қаласы