Үкімет • 18 Ақпан, 2022

Әлихан Смайылов бірқатар кездесу өткізді

199 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Президенттің кеңесшісі Сума Чакрабартимен және БАӘ-нің Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арикимен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлихан Смайылов бірқатар кездесу өткізді

Бұл туралы Үкіметтің ресми сайты мәлім етті.

С. Чакрабартимен ҚР Үкіметінің 2022 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасын талқылай отырып, ұсынылған реформалар Қазақстанның жаңа экономикалық саясатының негізі болып табылатыны айтылды.

Әзірленген шаралар кешені жол картасының 3 негізгі бағыты — экономикалық реформалардың стратегиясы мен бағдарламаларын жетілдіру, мемлекеттік басқару, коммуникация және бренд бойынша іске асырылатын болады. Сонымен қатар аумақтық-кеңістіктік дамудың үш қағидатын қамтитын, 2025 жылға дейінгі аумақтық даму жоспарын әзірлеу тақырыбы қозғалды.

«Кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларымен қамтуды арттыру үшін өңірлік даму бағдарламалары енгізілетін болады. Үкімет өңдеу өнеркәсібінің экспортқа бағдарланған және импортты алмастыратын жобаларын қаржыландырудың тиімді тетігін әзірлейді», деп атап өтті Әлихан Смайылов.

БАӘ-нің ҚР-дағы төтенше және өкілетті елшісі Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арикимен кездесуде екіжақты келісімдердің іске асырылу барысы және инвестициялар тарту мәселесі талқыланды. 2021 жылы елдер арасындағы тауар айналымы $709 млн құрады. 2020 жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда көлемі $474,4 млн болды.

«Біз Қазақстан экономикасына инвестицияларды ұлғайту арқылы БАӘ-мен өзара іс-қимылды әрі қарай жандандыруды көздеп отырмыз. Біз үшін «Астана» халықаралық қаржы орталығының әмірліктің ірі қаржы институттарымен, оның ішінде «Abu Dhabi Global Market» қаржы орталығымен белсенді өзара іс-қимылын жалғастыруы аса маңызды», деді келіссөз кезінде Ә. Смайылов.

Қорытындылай келе, тараптар алда атқарылатын жұмыстар туралы пікір алмасып, күн тәртібіндегі мәселелерді орындаудың маңыздылығын атап көрсетті.