Тағайындау • 18 Ақпан, 2022

«Атамекен» Ұлттық палатасының басшысы сайланды

679 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Райымбек Баталов «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы төралқасының жаңа төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Атамекен» Ұлттық палатасының басшысы сайланды

Дауыс беру Ұлттық палатаның IX кезектен тыс съезінде өтті.

«Маған сенім артқан барлық делегаттарға алғыс айтқым келеді. Палатаны бірге реформалау үшін бар күш-жігерімді салатыныма кепілдік беремін. Біз жаңа палатада бірге жұмыс істейтінімізге сенімдімін.  Жақсылап жұмыс істейік», деді Райымбек Баталов өз сөзінде.

Бұған дейін аталған лауазымды Тимур Құлыбаев атқарған,17 қаңтарда оның өкілеттігі тоқтатылды.

Дәл сол күні Райымбек Баталов Ұлттық палата Төралқа төрағасының міндетін атқарушы болып сайланды.

Райымбек Баталов 1970 жылы Алматыда дүниеге келген.

Еңбек өтілі:

«Риддер Инвест» металлургия кешенінің басқарушы директоры;

«Новоджамбул фосфор зауыты» химиялық кешенінің жетекшісі;

Тобыл элеваторының, Меркідегі қант зауытының, Шымкент ЖЭО-3 басқарушысы;

«Райымбек» сауда фирмасының негізін қалаушы, «Raimbek» холдингі директорлар кеңесінің төрағасы (1992 жылдан).

Басқа лауазымдар:

Қазақстан кәсіпкерлері форумы кеңесінің төрағасы (2002);

ШЫҰ Іскерлік кеңесінің басшысы (2005);

ҚР Мәжілісі жанындағы Қоғамдық палатаның мүшесі (2007);

Қазақстан су асты спорты федерациясының президенті (2009);

ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен бірыңғай үйлестіру кеңесінің мүшесі, ҚР Президенті жанындағы кәсіпкерлік жөніндегі Кеңестің мүшесі (2010 жылдан бастап);

Еуразиялық экономикалық комиссияның Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Консультативтік комитетінің тәуелсіз сарапшысы, Мәскеу (2012 жылдан бастап);

ENACTUS Қазақстан директорлар кеңесінің төрағасы (09.2015 ж. бастап);

Қазақстан велоспорт федерациясының бірінші вице-президенті (2015 жылдан бастап);

Азия велоспорт конфедерациясының вице-президенті (03.2017 ж. бастап);

Қазақстанның Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы төралқасының мүшесі, «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасының міндетін атқарушы (02.2022 ж.бастап).