Ауа райы • 18 Ақпан, 2022

Қазақстанда демалыс күндері ауа райы қандай болады?

339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 19-21 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Болжамға сүйенсек, алдағы үш тәулікте ауқымды антициклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Оның артынан республиканың батысына қарай, солтүстік-батыс циклон ығысады, оның әсерінен: 19-21 ақпан аралығында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, 20-21 ақпан аралығында солтүстік-батысқа, 21 ақпанда елдің солтүстігіне - қар, желдің күшеюін және көктайғақ құбылыстарын алып келеді.

«Еліміздің барлық аумағында температуралық фон жоғарылайды деп күтілуде. Термометрлер бағандары келесідей температураны көрсетеді: батыста түнде -5...+5 дейін, күндіз +2...+13 дейін, солтүстікте, солтүстік-батыста түнде -5...-16 дейін, күндіз -8...+ 2 дейін, орталықта, шығыста түнде -8...-17, күндіз -1...-10, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде -5...+5, күндіз + 5...+13 дейін», делінген хабарламада.