Әлихан Смайыловтың айтуынша, отандық кәсіпкерлер кеңесімен бірге инвестициялық ахуалды және бизнес ортаны әрі қарай жақсартуға бағытталған шаралар іске асырылады.
«Мемлекет басшысы атап өткендей, билік пен бизнестің сындарлы өзара іс-қимылы әлеуметтік тұрақтылықтың негізін құрайды. Үкімет бизнеспен бірлесе жұмыс істеуге дайын. Баршаңызды Президент белгілеген міндеттерді іске асыруға «Атамекен» палатасының шеңберінде және жақында құрылған Үкімет жанындағы Отандық кәсіпкерлер кеңесінің жұмысына белсенді түрде атсалысуға шақырамын. Үкімет пен бизнес-қоғамдастықтың ортақ күш-жігерінің арқасында ғана жетістіктерге қол жеткізуге және барлық қиындықтарды еңсеруге болады», деді Премьер-Министр.