2022 жылғы 16 ақпанда «Қазгеология» ҰГК» АҚ директорлар кеңесінің отырысында жаңа төраға болып осы бағытқа жетекшілік ететін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Т.А. Момышев сайланды.
Айта кетсек, бұған дейін бұл қызметті Қазіргі Экология министрі С.А. Брекешев атқарды.
Директорлар кеңесі қоғам қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыратын «Қазгеология «ҰГК» АҚ-ның басқару органы.
Сондай-ақ, отырыста «Қазгеология» ҰГК» АҚ қайта құру және «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ құру мәселесі талқыланды.