Қоғам • 18 Ақпан, 2022

Атыраулық оқушы анасының үстінен шағым түсірді

1039 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

15 ақпан күні Атырау қаласындағы мектептердің бірінде 7 сыныпта оқитын оқушы мұғаліміне анасының ішімдік ішетінін айтып, шағымданған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атыраулық оқушы анасының үстінен шағым түсірді

«Осыған байланысты, Атырау қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері білім беру ұйымының қызметкерлерімен бірлесіп, аталған оқушының үйін тексеруге барған уақытта жасөспірім қыздың 47 жастағы анасының мас күйде екендігі анықталған», деп жазылған хабарламада. 

Оған медициналық сараптаманың жеңіл дәрежелі масаң күйде деп берген қорытындысы дәлел болған.

«Бұл жағдай бұрын да 47 жастағы әйел адамның тарапынан бірнеше рет қайталануына байланысты, балаларының тәрбиесімен айналыспағаны үшін, азаматшаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127 бабының 2 бөлімімен әкімшілік хаттама жасақталып, жинақталған іс-құжаттар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды», деді ПБ баспасөз қызметіндегілер. 

Енді аталған азаматшаға қатысты жинақталған іс-құжаттар Атырау қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау комиссиясына жолданатын болады.