Өкінішке қарай жартылай финалда үздік 16 спортшының қатарына енген отандасымыз Надежда Морозова финалда 15-ші орынға табан тіреді.
Осылайша бүгін конькимен жүгіруден ел намысын қорғаған атлеттеріміз жүлдеден тыс қалды.
Бұл сынның Бейжің Олимпиадасының алтын медалін голландиялық конькиші Ирен Схаутен қанжығасына байласа, күміс жүлдеге канадалық Ивани Блонден иелік етті. Үздік үштікті италиялық Франческа Лоллобриджида түйіндеді.