Әлем • 19 Ақпан, 2022

АҚШ президенті: Ресей бірнеше күнде Украинаға шабуыл жасауы мүмкін

602 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресей Украинаға бірнеше күнде шабуыл жасауы мүмкін. Ақ Үйде өткен баспасөз конференциясы кезінде АҚШ президенті Джо Байден осылай деп мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

АҚШ президенті: Ресей бірнеше күнде Украинаға шабуыл жасауы мүмкін

Джо Байден Владимир Путиннің елге басып кіру туралы жоспар құрғанына сенімді.

Осы орайда АҚШ президенті Украинаға қолдау көрсетіп, қару-жарақ жеткізетінін жасырмады. Бірақ өз әскерін жібермейтінін айтты.

Егер Ресей Украинаға басып кірсе, АҚШ пен оның одақтастары қатаң санкция саламыз деп сес көрсетті. Ал Мәскеу осыған дейін бұл ақпаратты бірнеше рет жоққа шығарып, Батыс елдерін ахуалды әдейі ушықтырып отыр деп айыптаған еді.