Спорт • 19 Ақпан, 2022

Жанқош Тұраров келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні анықталды

465 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бірінші жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жанқош Тұраровтың (25-0, 18 КО) келесі жекпе-жегінің датасы белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.

Жанқош Тұраров келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні анықталды

Жанқош Тұраров рингке 19 наурызда оралады. Бокс кеші Мәскеу қаласында өтеді. Оның қарсыласының есімі әлі аталған жоқ. Жекпе-жек 10 раундқа есептелген.

Айта кетейік, қазақстандық спортшы бұған дейінгі айқасын 2021 жылдың желтоқсанында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған бокс кешінде өткізіп қарсыласы мысырлық Абдумонем Саидті (22-2-1, 11 КО) 47 секунд ішінде нокаутқа түсірген еді.