Бүгін Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында әйелдер арасында шаңғымен 30 шақырымға жарысудан масс-старт бәсекесі өтті. Аталған сайыста Қазақстан командасынан үш спортшы бақ сынады. Алайда үшеуі де үздіктер қатарынан көріне алған жоқ.
Қазақстан сапынан ең жоғары нәтижені Ангелине Шурыга көрсетті. Ол мәре сызығын 42-ші болып кесіп өтті. Екінші атлетіміз Надежда Степашкина 49-шы, үшінші спортшымыз Ирина Быкова 54-ші орынмен Олимпиада ойындарын аяқтады.
Осылайша қазақстандық атлеттер Бейжің Олимпиадасын жүлдесіз аяқтады.