Қазақстан • 21 Ақпан, 2022

Мақсат – сайлауға сенім арттыру

780 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында Орталық сайлау ко­мис­сиясының басшысы Нұрлан Әбдіров Сырдария ауданы­ның учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерімен, сайлан­ған әкімдермен және ауылдық округ тұрғындарымен кездесті.

Мақсат – сайлауға сенім арттыру

Учаскелік сайлау комис­сия­ларының мүшелерімен кез­десуде ОСК төрағасы Тереңөзек кенті әкімінің сайлау нау­қаны­ның барысымен, әдістеме­лік және ұйым­дастыру­шылық-тех­ни­калық қамтамасыз ету, сайлау учас­келерінің дайындығы, мүм­­кіндігі шектеулі сайлаушы­лар үшін қажетті жағдайлар жа­сау мәселелерімен танысты. Сон­­дай-ақ ұлттық бақылау­шы­лар­дың қызметін құқықтық реттеу мәселелері талқыланды.

Кездесу қорытындысы бо­йынша ол дауыс беру күні сайлау рә­сім­дерін ұйымдастыру және өт­кізу қатаң түрде заң­нама та­лаптарына сай жүзеге асы­ры­лу­ға тиіс екенін ерекше атап өтті.

Сырдария ауданының сайлан­ған әкімдерімен және ауылдық округ тұрғындарымен кездесу барысында, ауылдық деңгейдегі әкімдерді тікелей сайлау институтын енгізу мәселелері бойынша пікір алмасылды. Сондай-ақ Н.Әбдіров әкімдердің елді мекендерді дамыту және олардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету бойынша атқарған жұмыстары мен жоспарларымен танысты.

Сондай-ақ осы күні ОСК мүшесі Асылбек Смағұлов пен элек­торалды оқытуды ұйымдас­тыру бөлімі меңгерушісінің орынбасары Түсіп Рыспеков облыс­тағы сайлауды ұйым­дас­тырушылар үшін оқыту семинарын өткізді.

Ортсайлауком төрағасы Қызыл­орда облысының жастар ресурс­тық орталығында өңір жас­­тарымен де кездесті. Кез­десуді аша отырып, ол: «Жастар – елдің болашақ зиялы қауымы және электораттың маңызды құрам­дас бөлігі. Осыған байланысты біз үшін қазіргі таңда жас­тардың сай­лау процесі мәсе­лелерінің кең спек­трі төңірегінде пікірлері мен ұсы­ныстары өте маңызды», деді.

Кездесуде жастар өкілдері сайлау процесіне цифрлы технологияларды енгізу, сайлау мәдениеті мен алдағы сайлауда жас­тардың белсенділігін арт­тыру бойынша бірқатар нақ­ты ұсы­ныстарды алға тартты. Қатысу­шылар Орталық сайлау комиссиясы ұйымдастыр­ған осын­дай кездесулер жастар­дың сайлауға деген сенімін арт­тырудың пәрменді тетіктерінің біріне айналатынын және жас­тар осындай диалог орнатуды қолдайтынын атап өтті.