Қазақстан • 21 Ақпан, 2022

Ел бірлігі – даму кепілі

190 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов Шымкент қалалық ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдардың жетекшілері және этномәдени бірлестіктердің төрағаларымен кездесті.

Ел бірлігі – даму кепілі

Жиынды ашқан Шымкент қала­сы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан Мемлекет бас­шы­сы­ның Жаңа Қазақстанды құру жөнін­дегі реформасы қоғам тұтас­тығы мен халық бірлігін нығай­ту­дағы бірден-бір маңызды құрал екен­дігін атап өтті. «Алдымызда Жаңа Қазақстан құру жөніндегі мәртебелі міндеттер тұр. Еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Бұл кезең сая­си және қоғамдық формацияның жаңаруымен жүзеге аспақ. Әр салада түбегейлі өзгерістер жүреді, жаңа көзқарас қалыптасып, жаңа тәсілдер қолданылады. Қазақстан халқы Ассамблеясы да жұмыс мазмұнын жаңартып, қоғамды топтастырудың тиімді жолдарын ұсынып, іске асыратынына сенімдімін», деді ол.

Кездесуде қатысушылар еркін форматта этносаралық қатынастар саласын дамытудың алдағы перспективалары туралы пікір алмасты. Сондай-ақ жастардың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыруға жәрдемдесудің өзекті мәселелері, оның ішінде «Жас­тар Ассамблеясы» қоғамдық бірлесті­гінің алдағы жұмыс жоспарлары талқыланды.

Өз кезегінде Марат Әзілханов тұ­ра­қ­ты­лы­ғымызды сақтауда, ынты­ма­ғы­­мызды ыдыратып алмауда өңірлік ассамблея мүшелерінің айрық­ша рөлін атап өтіп, Ассамблея қызме­тін трансформациялауда Қазақ­станның барлық этностарын белсенді атсалысуға шақырды.

Сондай-ақ Қазақстан халқы Ас­самб­леясы Төрағасының орынбасары Қазақстан өзбектерінің этномәдени бірлестіктері қауымдастығының өкілдерімен кездесу өткізді.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ф.Қаратаев, «Дустлик» республи­калық өз­бек этномәдени бірлестігінің құрмет­ті төр­ағасы Р.Халмурадов, Қазақ­стан өз­бек­­­тері «Дустлик» қауым­дас­тығының төр­­­ағасы И.Хашим­жанов, сондай-ақ өз­бек этномәдени бірлестіктерінің төр­аға­­лары мен ақсақалдары, зиялы қауым өкіл­­дері қатысты. Кездесу барысында Қа­зақ­­стан халқы Ассамблеясы және оның құ­ры­лымдары өз қызметіндегі жаңа тәсіл­дерді қолдану, мемлекеттік тіл­дің бі­рік­тіруші рөлін арттыру және ҚХА жас­тар кадрлық резервін қалып­тас­тыру нұс­қалары, сондай-ақ этно­мә­дени бір­лес­тіктердің медиа-жұмысы талқыланды.

Өз кезегінде жиынға қатысушылар тұшымды ойларын ықшамдап ортаға салып өтті. Алдағы уақытта олардың бар­лығы құзырлы мемлекеттік орган­дарда пысықталып, ғылыми-сарап­шы­лық алаңдарда талқыланатын болады.

Қазақстан өзбектері Мемлекет басшысының Жаңа Қазақстанды құру­дағы барлық азаматтардың әл-ауқа­тын қамтамасыз етуге бағыттал­ған жүйелі қадамдарын толық қолдай­тынын және іске асыруда барынша қолдау көрсететінін атап өтті.

Өз кезегінде Марат Әзілханов «Дустлик» қауымдастығы өзбек этносының өкілдерін қазақстандық қоғамға біріктіру, оларды Қазақ­стан­ның Тәуелсіздігін нығайту процесіне тарту миссиясын жоғары деңгейде орындап жатқанын атап өтті.