Аймақтар • 21 Ақпан, 2022

Мұз астындағы оттегі жетіспеуі мүмкін

383 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері балық шаруашылығы су айдындарында мониторинг жүргізу барысында Есіл өзенінде балықтың жаппай қырылуы орын алғандығын анықтаған.

Мұз астындағы оттегі жетіспеуі мүмкін

Қазіргі уақытта балыққа келген нәубетті тоқтату бағытында жұмыс жүргізілуде. Мұз астын­дағы белгісіз себептен өлген ба­лық жиналып, зертханалық зерт­теуге жолданды. Зерттеу қоры­тындысы белгілі болғаннан кейін жарияланбақ. Білікті маман­дардың айтуына қарағанда, балық­тың қырылуы мұз астында от­тегінің жетіспеушілігінен болуы әбден мүмкін.

Астрахан ауданының Ново­черкасское ауылы маңынан өтетін Есіл өзенінің аңғарынан 85 килоға жуық өлген балық жиналған. Қазір Ауыл шаруашы­лығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау коми­тетінің облыстық аумақтық инс­пекциясының өкіл­дерімен бірлесіп, сынама жұ­мыстары жүргізілуде. Өлген балықтар санитарлық нормаларды сақтай отырып, жойылады.

Қазіргі таңда мұздың астыңғы қабатына оттегін өткізу үшін екі мотопомпа орнатылған. Бұл да тұншыққан балықтарға сеп болуға тиісті. Сараптама қорытындысы белгілі болғаннан кейін тиісті жұмыстар атқарылмақ.

 

Ақмола облысы