![«Барыс» бүгін «Спартак» командасымен жолдастық кездесу өткізеді](/media/2022/02/21/2cb903c9e797a6f3.jpeg)
Аталған ойын Мәскеу қаласындағы «Лужники» аренасында болады. Басталуы - елорда уақытымен 16:00. Кездесу жанкүйерсіз өткізіледі.
Бұдан кейін қазақстандық клубты Ресей астанасында мәскеулік «Динамоға» қарсы екі ойын күтіп тұр.
Аталған кездесулер 22 және 24 ақпанға белгіленген. Еске салсақ, Құрлықтық хоккей лигасы плей-офф сатысы бірінші кезеңінде Ресейдің «Металлург» (Магнитогорск) командасымен шеберлік байқасады.