Талғат Есімов Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2021 жылдың IV тоқсанының қорытындысы бойынша елордада жұмыссыздық деңгейі 4,6%-ды құрайтынын, бұл республикалық мәннен 0,3%-ға (ҚР бойынша-4,9%) төмен екенін хабарлады.
«Елордада жұмыссыздар саны 28 226 адамды құрайды, оның ішінде 6203 адам 15-28 жас аралығындағы жастар», деп нақтылады ол.
2021 жылдың қорытындысы бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына еңбек делдалдығы үшін 18 924 адам жүгінді, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен 23 240 адам қамтылды.