Аймақтар • 21 Ақпан, 2022

Қаңтар оқиғасы: Алматы әуежайына шабуыл жасағандар ұсталды

4346 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов Алматы әуежайын басып алуға қатысқандардың ұсталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қаңтар оқиғасы: Алматы әуежайына шабуыл жасағандар ұсталды

«Жедел іс-шаралар барысында Алматының Шаңырақ-2 шағын ауданында екі адам ұсталды, олардан тапаншалар мен автоматтарға тиесілі 5 мың патроны бар мырыш жәшіктері, қалқандар мен тізе төсегіштер түріндегі арнайы құралдар, екі танкке қарсы жауынгерлік снаряд, тегіс ұңғылы мылтық, жеті пневматикалық мылтық пен тапанша алынды», деп нақтылады Санжар Әділов.

ІІМ Тергеу департаментінің бастығы жаппай тәртіпсіздік кезінде жеңіл автокөліктегі күдіктілер тобы «Оружейник» аңшылық дүкенін тонап, 15 тегіс ұңғылы мылтық пен 4 ойық, оның ішінде оптикалық көздеуі бар карабинді ұрлап кеткенін айтты.

Ұрланған қару одан әрі өткізу мақсатында Алматы мен Алматы облысында арнайы жабдықталған схрондарда заңсыз сақталған.

«Тергеу барысында аталған адамдардың Алматы халықаралық әуежайын басып алуға қатысқаны анықталды», деді Санжар Әділов.

Еске сала кетсек, қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін әуежай бір апта бойы жұмыс істемеді.

Әуежай қызметкерлерінің айтуынша, күдіктілер жалға алушылардың бутиктерін қиратып, әйнектер мен бейнекамераларды сындырды.

19 қаңтарда әуежай штаттық режимде жұмыс істей бастады. Әуежайға келтірілген залал әлі де есептелуде.