Қазақстан • 21 Ақпан, 2022

Румынияда Қазақстандықтардың шоттарын бұзған хакер ұсталды

1 мин
оқу үшін

Соңғы үш ай ішінде Испания, Ресей, Бахрейн, БАӘ, Грузия, Венгрия және басқа да елдердің аумағында түрлі қылмыстары үшін іздестіріліп жатқан 16 адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Румынияда Қазақстандықтардың шоттарын бұзған хакер ұсталды

Мәселен, қаңтар айында Венгрияда хакерлік әрекеттер арқылы ақша ұрлағаны үшін Алматы қаласы полиция департаменті іздестіріп жатқан Румыния азаматы ұсталды.

Ол трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында Қазақстан, Ресей, Украина, Әзірбайжан, Тайвань банктерінің шоттарына қасақана заңсыз қол жеткізу арқылы ақша қаражатын банк карталарына аударып, оларды қолма-қол ақшаға айналдырған.

Шығын сомасы 9 млн АҚШ долларынан асты. Қазіргі уақытта қылмыскерді Қазақстанға тапсыру туралы мәселе шешілуде.

Соңғы жаңалықтар

Болған ана шапаны

Руханият • Бүгін, 09:47

Жастар жиі оқитын кітаптар

Қоғам • Бүгін, 09:44