Коронавирус • 21 Ақпан, 2022

Ұжымдық иммунитет деңгейі 53%-ды құрады - А.Есмағамбетова

4360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова онлайн-брифинг барысында бүгінгі таңда Қазақстанда 10 млн-нан астам адам коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы дозасын алғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Ұжымдық иммунитет деңгейі 53%-ды құрады - А.Есмағамбетова

«Бүгінде вакцинация мен ревакцинация жүргізу жалғасуда. Қазіргі уақытта елімізде 10 миллионнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы дозасын алды. Егілетін ересек тұрғындардың санын айтатын болсақ - бұл 82%-дан артық, ал егер халық санынан ұжымдық иммунитетті есептесек, онда бұл көрсеткіш 53%-ды құрайды», деді ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері.

Сонымен қатар, ол халыққа ревакцинация қажет екенін еске салды, себебі ол ұжымдық иммунитетті құру ғана емес, сонымен қатар оның деңгейін қолдауға бағытталған.