Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін, 21 ақпанда болған.
«Жедел басқару орталығының қызметкерлері түнгі сағат 03:08 шамасында «Атырау» шағын ауданындағы көпір үстінде белігісіз әйел адамның көпірден секіргелі тұрғанын байқаған. Орталықтың кезекші инспекторы, полиция капитаны Гүлмира Таздарбаева бұл туралы радиоқабылдағышпен жақын маңдағы патрульдік полиция баталонының «Батыс» экипажының қызметкерлеріне бағыттама берген. Оқиға полиция қызметкерлері жедел жетіп, полиция аға лейтенанты Ерболат Мағзомов көпірден секірмек болған 23 жастағы бойжеткенді құтқарып қалды» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.