«Мен екінші орта салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы Сауль Альваресті Давид Бенавидеске немесе Джермалл Чарлоға қарсы жекпе-жекте көргім келеді. Ал өзім Дмитрий Биволға қарсы шаршы алаңға шығуға дайынмын. Дмитрий Биволды бір емес, бірнеше мәрте кездесуге шақырдым. Алайда ол ешқашан шайқасқа шығуға ықылас танытқан емес. Қазір бәрі «Канеломен» қолғап түйістіруге тырысады. Боксшылар бүгінде даңқ үшін бокстасқысы келмейді. Олар ақша табу жолында жанын береді. Сондай жолда жүріп аттарын тарихқа алтын әріптермен жазамыз деп ойлайтыны белгілі», дейді Хильберто Рамирес.
Жартылай ауыр салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген мексикалық былғары қолғап шебері Хильберто Рамирес WBA тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы, ресейлік Дмитрий Биволдың өзімен жұдырықтасқысы келмейтінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Fightnews.info-ға сілтеме жасап.
«Жастар» Сарайының жарты ғасырлық мерейтойы тойланды
Елорда • Кеше
«Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі «Дарын» сыйлығын иеленді
Мәдениет • Кеше
Алматы • Кеше
Президент Мәжіліс төрағасын қабылдады
Президент • Кеше