Әлем • 21 Ақпан, 2022

Құжатсыз көлік жүргізуге рұқсат берілді

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстанның көлік жүргізушілері келесі айдан бастап жүргізуші куәлігінсіз, сенімхатсыз және сақтандырусыз көлік жүргізе алады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құжатсыз көлік жүргізуге рұқсат берілді

Президент «Өзбекстан Республикасының көлік және қаржы салаларында кейбір құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік жазаларды ырықтандыруға байланысты әкімшілік жауапкершілік Кодексі туралы» Заңға қол қойды.

Құжатқа сәйкес, 2022 жылдың наурызынан бастап Өзбекстан Республикасының Ішкі істер органдары және консулдық мекемелері берген мәліметтер бойынша биометриялық паспорт немесе ID сәйкестендіру картасы болған жағдайда сақтандыру құжаттары талап етілмейді.

Естеріңізге сала кетсек, 2021 жылы 15 қазанда Өзбекстан Республикасының Ішкі істер органдары ақпараттық технологияларды енгізу жөнінде қаулы қабылдады.

Құжатқа сәйкес, 2022 жылдың 1 наурызынан бастап жүргізушіде жол полициясы қызметкеріне ұсынылатын бірқатар құжат болмаса, қосымша деректерді арнайы планшеттің көмегімен ID-картасы арқылы тексеруге болатындығы айтылған.

Бұл жағдайда ID-картасы бар жүргізушілерден төмендегі құжаттарды талап етпеуге болады:

- жаңа үлгідегі жүргізуші куәлігі;

- көлік құралының тіркелгенін, оны пайдалану құқығын растайтын құжаттар;

- азаматтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру полисі.

2022 жылдың 1 ақпанына дейін сақтандыру шарттары туралы барлық деректер бірыңғай ақпараттық жүйеге енгізілуі тиіс.

 Аяна Тоғанбек,

ЕҰУ студенті