Қоғам • 22 Ақпан, 2022

Барлық қағидаларды сақтауға кеңес береді

171 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазіргі уақытта қазақстандықтардың үй, объект салу, сондай-ақ үй-жайларды жөндеу бойынша келісім жасалған шетелдіктердің алдауы және алаяқтығы туралы полицияға жүгіну жағдайлары жиілеп кетті. Осындай фактілерді болдырмау үшін азаматтардың сақ болуын сұраймыз.

Барлық қағидаларды сақтауға кеңес береді

Шетелдікпен азаматтық-құқықтық қатынастар жасасу кезінде оның ел аумағында заңды жүргеніне көз жеткізіп, паспортын және біздің елде болуға құқық беретін құжатты көрсетуін талап ету қажет. Ол құжаттар ретінде елде бел­гіленген мерзімде уақытша тұ­руға рұқсат құжаты, тұруға ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі бола алады. Бұзушылықтар анықталған жағ­дайда шарттан бас тартып, бұл туралы көші-қон қызметіне дереу хабарлау немесе 102 нөміріне қоңырау шалу қажет.

Шарт жасалған жағдайда жұмыс беруші қабылдаушы тарап ретінде ви­за­лық көші-қон порталы арқылы үш жұмыс күні ішінде көшіп келушінің уақытша тұрғылықты жерін ауыстырғаны туралы ішкі істер органдарына хабарлауы қажет.

Қабылдаушы тұлғаның шетелдіктердің болу құқығына құжаттарды ресімдеу, не болудың белгілі бір мерзімі өткеннен ке­йін олардың елден кетуі не оларда болатын көшіп келушілер туралы полицияға уақ­тылы хабарлау шараларын бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 518-бабында ескерту тү­рінде жауапкершілік көзделген, құқық бұ­зу­шылық қайта жасалған кезде 30 ай­лық есептік көрсеткіш айыппұл салынады.

Елде Қазақстан заңнамасын бұзушылықпен жүрген шетелдікке тұрғын үй бергені үшін қабылдаушы тұлғаға 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Шетелдіктер пәтерді жөндеу, үй салу немесе қандай да бір басқа жұмыстарды тиісті рұқсатсыз пайдаланған жағдайда, айыппұл түрінде 30 айлық есептік көрсеткіш, ал жыл ішінде қайталап жасаған жағдайда 50 АЕК айыппұл қарастырылған. Осы талаптарды сақтасаңыз, сіз келеңсіз жағдайлар мен проблемаларға тап болмайсыз.