Қоғам • 22 Ақпан, 2022

Су тасқыны қаупі бар өңірлер анықталды

724 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі елдегі су тасқыны қаупі бар өңірлерді атады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Су тасқыны қаупі бар өңірлер анықталды

Қардағы су қорының мөлшерін, топырақтың күзгі ылғалдануын, топырақтың қату тереңдігін талдай отырып, сондай-ақ қар астында мұз қабығының болуын ескеріп, су тасқыны қаупі бар аймақтар анықталды.

Су тасқыны қаупі бар өңірлер: Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды және Қостанай облыстары.

Орташа қаупі бар аймақтар: Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстары.

Су аздығы деңгейі жоғары қаупі бар өңірлер: Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе және Атырау облыстары.