Үкімет • 22 Ақпан, 2022

Көктемгі су тасқынына дайындық қандай?

450 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет отырысында көктемдегі ықтимал тасқындарға дайындық шаралары талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көктемгі су тасқынына дайындық қандай?

Премьер-Министр Әлихан Смайылов тасқынға қарсы дайындық мәселесінде әкімдіктер мен Төтенше жағдайлар министрлігінің арасында үйлескен жұмыс жоқтығын сынға алды.

«Наурыз айы қалыпты нормадан жылы болады деген болжам бар. Демек, қардың күрт еруінен елдің бірқатар өңіріндегі жағдай қиындап кетуі мүмкін. Кейбір аймақтардағы жағдай жылдан-жылға қайталанып келеді. Бұл бірінші кезекте Төтенше жағдайлар министрлігі мен жергілікті билік арасындағы жауапкершілікті бір-біріне сілтеу мәселесіне қатысты болып отыр», деді Үкімет басшысы.

Оның айтуынша, су тасқынының алдын алу және одан келетін шығындарды азайту әкімдіктердің жүйелі жұмысына тікелей байланысты.

«Әкімдіктер күнделікті қар шығару, уақытша бөгеттерді салу жұмыстарын уақтылы жүрігзуі тиіс.  Төтенше жағдайларға жергілікті бюджеттерде жеткілікті қаражат қарастырылуы керек. Су тасқынының алдын алуға қатысты бүкіл мәселелерді әкімдіктер қатаң бақылауда ұстауға тиіс», деді Әлихан Смайылов.