Футбол • 22 Ақпан, 2022

«Манчестер Юнайтед» бас бапкер іздей бастады

404 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлыбританиялық «Манчестер Юнайтед» футбол клубының басшылығы командаға жаңа бас бапкер іздей бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Манчестер Юнайтед» бас бапкер іздей бастады

Daily Mail таратқан ақпаратқа зер салсақ, команда жетекшілері нидерландылық «Аякс» футбол клубының бапкері Эрик тен Хаг пен франциялық «ПСЖ» футбол клубының жаттықтырушысы Маурисио Почеттиноға қызығушылық танытып отырған көрінеді. Жақын күндері клуб басшылығы екі бапкермен келіссөздер жүргізуді бастамақ.

Команданың қазіргі бас бапкері Ральф Рангник маусым аяқталғаннан кейін клубта қала береді. Ол басқа жұмысқа ауысады. Рангниктің орнына жоғарыда аттары аталған мамандардың бірі келуі әбден мүмкін.