
«Алдағы жекпе-жекте Петр Ян толыққанды басымдыққа ие болады деген ойдамын. Петр қазір нағыз спорттық бабына енгені сөзсіз. Оқу-жаттығу жиынын айрықша қарқынмен бастады. Мен оның бойынан бұрын-соңды дәл бұндай күшті байқаған емеспін. Спортшының барлық іс-әрекеті, әрбір қимылы таңдай қақтырады. Бір сөзбен айтқанда Петр Ян нағыз шайқасқа тас түйін дайын деуге толық негіз бар. Сондықтан Алджэмейн Стерлингті өте ауыр кездесу күтіп тұрғанына ешқандай күмәнім жоқ», дейді бапкер өз ойымен бөлісіп.