Кәсіпқой бокс • 22 Ақпан, 2022

Ковалев көп болса 3-4 жекпе-жек өткізеді – менеджер

325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жартылай ауыр салмақ дәрежесіндегі әлемнің бұрынғы чемпионы Сергей Ковалевтің менеджері Эгис Климас боксшының болашақ жоспары туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz Fightnews.info-ға сілтеме жасап.

Ковалев көп болса 3-4 жекпе-жек өткізеді – менеджер

«Сергей Ковалевке жартылай орта салмақ дәрежесінде жұдырықтасу айтарлықтай қиындық туғызғанын жанкүйерлер өте жақсы біледі. Оған салмақ қуу ауыр тиді. Бұл жағдай соңғы шайқастарында айқын аңғарылып тұрды. Ол өте көп күш жоғалтты. Салмақ қуғаннан кейін қалпына келуі мүмкін емес жағдайға айналды. Шамасы 7-8 раундқа ғана жетті. Сергей бірінші ауыр салмақ дәрежесіне ауысқысы келетінін ұдайы айтып жүрді. Енді міне, кәсіби мансабын бірінші ауыр салмақта жалғастыруға бел буып отыр.

Қытайлық Фанлунь Мэнге қарсы шайқасқа шығу туралы ұсынысты Triller стриминг қызметі ұсынған болатын. Бүгінде олар Мэнмен мәселені шешіп жатыр. Біз үшін ешқандай айырмашылық жоқ. Қарсыластың деңгейі жақсы екені рас. Сергей қазіргі таңда көптің бірімен қолғап түйістіргісі келмейді. Үздіктерге қарсы шаршы алаңға шығуды жоспарлап жүр. Кәсіби мансабының соңын бірінші ауыр салмақта өткізетін Ковалев енді әрі кетсе 3-4 мәрте кездесуге шығатын болады. Сол үшін де ол мықтылармен қолғап түйістіргісі келеді», деді менеджер өз ойын қорытындылап.