Елорда • 22 Ақпан, 2022

Бүгін елордада 240-қа жуық жұп отау құрды

479 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көптеген адамдардың пікірінше 2022 жылдың 22 ақпаны - қасиетті мағынаға ие күн. Әсіресе, отау құруға ниеттенген жастар осындай ерекше күндерде заңды некеге тұруға тырысады, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.

Бүгін елордада 240-қа жуық жұп отау құрды

Таңертеңнен бастап АХАТ-тың астаналық бөлімдерінде жас жұбайлар өздерінің алғашқы отбасылық құжаттарын алу үшін тізіліп тұрды. Бүгін Нұр-Сұлтанда күннің соңына дейін 240-қа жуық жұп неке қию рәсімін өткізеді.

«Айна деп аталатын бүгінгі күн сияқты күндер жас жұбайлар арасында сұранысқа ие. Егер, мысалы, Есіл ауданында күніне орта есеппен 30-40 жұп тіркелсе, бүгін жұмыс күнінің соңына дейін 100-ге жуық тіркеу күтілуде. Жас жұбайларға бақытты отбасылық өмір, мықты неке тілеймін, бұл күн оларға сәттілік пен амандық әкелсін», деп атап өтті Есіл ауданы әкімдігінің АХАТ бөлімінің басшысы Раушан Зарирова.

Айта кету кетсек, соңғы жылдары елордада некені ресми түрде тіркеген жаңа отбасылардың саны үнемі өсіп келеді. 2020 жылы 9 571 жұп отау құрса, 2021 жылы бұл көрсеткіш 12 мыңға дейін жетті.

4-5 жыл бұрын жас жұбайлардың орташа жасы 22-23 жасты құраса, бүгінгі таңда 26-28 жас аралығындағы жастар некеге отырады. Тек жастар ғана емес, сонымен бірге 50-60 және тіпті 70 жастағы ересектер де ақ некелерін қияды.