Қоғам • 23 Ақпан, 2022

Кәсіпкер салған үй пайдалануға берілді

315 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы тұрғын үй мәсе­лесін шешуге жергілікті кәсіпкерлерді тарту жөнінде тапсырма берген болатын. Осы іс Батыс Қазақстан облысының Бәй­терек ауданында қолға алынып, қазір нәтижесін бере бас­та­ды.

Кәсіпкер салған үй пайдалануға берілді

Бәйтерек ауданының орта­лы­ғы Переметный ауылында әрқайсысы 2 пәтерлі 4 тұрғын үй салынды. «Сүндетов» шаруа қожалығының басшы­сы, Бәйтерек аудандық мәслиха­ты­ның депутаты Есен Сүндетов салған әр үйдің аумағы – 69 шаршы метр. Үйлер инфра­құ­рылыммен толықтай қам­тыл­ған, ауласы қоршалған жаңа үйлердің құрылысы аяқталған соң жергілікті әкімдік оны тиімді бағаға сатып алды. Сөй­тіп, үй кезегінде тұрған әр­түр­лі санаттағы – көпбалалы, мүм­кін­дігі шектеулі, асыраушысынан айырылған, апатты үй иелері, т.б. тұлғалар мен аса қажет мамандық иелеріне жалға берілді.

– Тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде ел үкіметі азаматтардың барлық жағдайын жасауға және лайықты баспанамен қамтуға күш салып келеді. Былтыр ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық то­­­йына аудан үлкен жетістікпен жетті. Аудан тұрғындарының әл-ауқатын көтеру, Президент тапсырмасын іске асыру жолында біраз жұмыс атқарылды. Негізінен, ауыл тұрғындарын толғандыратын жол, газ, су мәселелерін реттеуге күш сал­дық. Осы мәселелерді шешу­ге көмек көрсеткен аудан кәсіп­кер­лері мен мердігерлерге ри­за­­шылығымыз шекіз. Жаңа үйдің әр бұрышы қуаныш пен шат­тық­қа және бақытқа толсын, – деді жаңа үйлерді тапсыру салтанатында Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоқжанов.

Бұл күні жаңа үйге кіріп, қоныс тойын тойлаған Ақманар Ғалиева баспана кезегінде 2007 жылдан бері тұрған екен. Жаңа пәтерге ие болған зейнеткер баспана салып, оны қажет еткен отбасыларға берген аудан басшылығына ризашылығын білдірді. Мердігер Есен Сүнде­тов үй иесіне су жаңа кі­лем тарту етті.

Айта кетейік, жаңа баспанаға ие болғандардың қатарында өңірге өте қажетті мамандық иелері де бар. Мысалы, осы күні аудандық аурухананың жалпы тәжірибедегі дәрігері Елена Марат та жаңа үйдің кілтін алды. Ауданға келгеніне көп болмаса да, баспаналы болған жас дәрігер енді ата-анасын көшіріп алмақ.

– Өте қуаныштымын! Енді еш алаңсыз қызмет етіп, елге пайдамды тигізуге күш саламын, – дейді жас маман.

 

Батыс Қазақстан облысы